Kaspersky Security Center Web Console туралы

Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы, "Лаборатория Касперского" бағдарламалары қорғайтын ұйым желілерінің қауіпсіздік жүйесінің күйін бақылауға арналған бағдарлама (веб-қолданба) болып табылады.

Бағдарламаның көмегімен сіз келесі әрекеттерді орындай аласыз:

Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы браузер арқылы Басқару серверімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін веб-интерфейс болып саналады. Басқару сервері – бұл сіздің желіңіздің құрылғыларына орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын басқаруға арналған бағдарлама. Басқару сервері сіздің желіңіздің құрылғыларымен қорғалған (SSL) байланыс арналары арқылы байланысады. Сіз браузер арқылы Kaspersky Security Center Web Console серверіне қосылған кезде, браузер Kaspersky Security Center Web Console серверімен қорғалған (HTTPS) қосылымды орнатады.

Kaspersky Security Center Web Console сервері келесідей жұмыс істейді:

  1. Сіз Kaspersky Security Center Web Console серверіне бағдарламаның веб-порталының беттерін көрсететін браузер арқылы қосыласыз.
  2. Веб-порталдың басқару элементтерінің көмегімен, орындағыңыз келетін пәрменді таңдайсыз. Kaspersky Security Center Web Console сервері келесі әрекеттерді орындайды:
    • Ақпарат алумен байланысты пәрменді таңдаған болсаңыз (мысалы, құрылғылар тізімін қарау), Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы Басқару серверіне ақпарат алу туралы сұрау салып, одан қажетті деректерді алады және оларды браузерге көрсету үшін ыңғайлы түрде жібереді.
    • Басқару пәрменін таңдаған болсаңыз (мысалы, бағдарламаны қашықтан орнату), онда Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы браузерден пәрмен алып, оны Басқару серверіне жібереді. Содан кейін, бағдарлама Басқару серверінен пәрменнің орындалу нәтижесін алады және нәтижені көрсетуге ыңғайлы түрде браузерге жібереді.

Kaspersky Security Center Web Console көп тілді бағдарлама болып саналады. Бағдарламаны қайта ашпай-ақ интерфейс тілін кез келген уақытта өзгертуге болады. Егер сіз Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасын Kaspersky Security Center-мен бірге орнатсаңыз, Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы орнату файлымен бірдей интерфейс тіліне ие. Егер сіз тек Kaspersky Security Center Web Console орнатсаңыз, бағдарлама операциялық жүйемен бірдей тілге ие. Егер Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы орнату файлының немесе операциялық жүйенің тілін қолдамаса, онда ағылшын тілі әдепкі бойынша орнатылады.

Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасында ұялы құрылғыларды басқаруға қолдау көрсетілмейді. Алайда, егер сіз Басқару консоліндегі басқару тобына ұялы құрылғыларды қосқан болсаңыз, бұл құрылғылар Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасында да көрсетіледі.

Басына оралу